Отырар ауданы, Темір ауылдық мәдениет үйінде «Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне орай қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" тақырыбында өткен онкүндіктің жабылуына орай қорытынды концерт өткізілді.
Іс-шараға қазақ,орыс, ағылшын тілі пәндерінен зейнетке шыққан ардагер ұстаздар қонаққа шақырылды. Осы ұстаздар өмірінен сыр шертетін естелік суреттер слайд арқылы көрсетілді. Ұстаздарға үш тілде арнау өлеңдер оқылды. Әсіресе Шері Қалипаның ұстазы болған Нұрымшанова Боранкүл апайға арналған арнау өте әсерлі шықты.
Бұдан өзге, ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында алаш арысының еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында өткен іс-шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Аталған әдеби кеш шымылдығы күмбірлеген күймен ашылды. Оқушылар үш тілде өлең оқып, бишілер би билеп, ән шырқалды.
Іс-шараның соңы үш тілде "Әрқашан күн сөнбесін" әнімен жабылды.
Еске сала кетейік, атаулы күн " Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл",- деп ұрпағына ұлағатты сөз қалдырған қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты аталып өтті.