«Ғажайып психология әлемі» кабинеті ашылды

image.png

Бірнеше жылдан бері Төлеби ауданының мектептерінде «Менің ғажайып әлемім» жобасы жүзеге асуда. Аудандық білім бөлімінің бастамасымен аталмыш жоба аясында бүгінге дейін аудандағы он мектепте «Ғажайып психология әлемі» кабинеті ашылды. Соның бірі – Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта мектебінде ашылған кабинет.  

 Жаңа кабинеттің ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсел Дарганова, мектеп педагогтары, аудандағы білім беру мекемелерінің психологтары куә болды. 

Соңғы жылдары қоғамда адамдардың түрлі себептерге байланысты жан күйзелісіне ұшырап жататындығы жасырын емес. Оның ішінде мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың да күйзеліске жиі түсетіні байқалып жатады. Сол себепті, осыдан бірнеше жыл бұрын Төлеби ауданына қарасты мектептерде «Менің ғажайып әлемім» жобасы қолға алынған болатын. 

Мектептерде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың жан дүниесінің саулығын нығайту, ересектердің психологиялық білімін молайту, балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарту мақсатында қолға алынған бұл жоба биыл да өз жалғасын табуда. 

 Жаңа кабинеттің салтанатты ашылу рәсімі психологтардың тәжірибелік семинарына ұласты. Семинар аясында қатысушылар оқушылардың эмоционалды тұрақтылығы мәселесін қарастырып, бірнеше тақырыпта қызықты тренинг ұйымдастырды. Педагог-психологтар түрлі техникалардың тиімділігін іс жүзінде көрсетуге үлкен мүмкіндік туды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер