Шетелде білім жинаған ұстаз бірқатар жобаларды қолға алды

image.png

 Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе — оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Сондықтан қазіргі ұстаздарға  жан-жақты білім, тәжірибе аса қажет. 

Түрккістан облысының ұстаздары әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып, елімізде, шетелде тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттыруда. Сондай ұстаздың бірі - Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері Нұрбакыт Балхибаева. Ол  ITEC бағдарламасы бойынша Үндістанның Хайдарабад қаласында оқып келген. 

Ұлағатты ұстаздың алған білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып аудан көлемінде пәні бойынша "Спикертіме", ал тәрбие бағыты бойынша "Қыздарға 100 кеңес" жобасын жүргізуде. 

Хайдарабад каласындағы EFLU ұстаздары сыйлаған ұмытылмас көңіл-күй, керемет тәжірибе, оқу - тәрбие процесінде ұзақ мерзімді жобалық жоспарлар құрудымен қоса, олқылықтарды дер кезінде шешуде тиімді жолдар қарастыруды бағыттауда. Бүгінде Н.Балхибаева әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісіп жүр.

Айта кетейік, ITEC - шетелде оқу бойынша көшбасшы бағдарлама. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - мүмкіндік беру, менджментті дұрыс жүргізуді ұйымдастыру, алған білімді үйлестіруді үйрету.

ITEC  бойынша Үндістанның 1000-ға жуық жетекші оқу орындарында білім алуға болады. 1964 жылдың 15 қыркүйегінде негізі қаланды. Үндістан бұл бағдарлама бойынша әлемдегі 160 елмен және 13 агенттікпен серіктестік орнатқан. Соның ішінде Қазақстан да бар. Біз 1992 жылдан бастап Үндістанның ITEC бойынша серіктесіміз. Осы уақытқа дейін еліміздің  1329-дан астам маманы ITEC ұйымдастырған қысқа мерзімді мамандандырылған оқыту бағдарламаларынан өткен.

Атап айтар болсақ, 1041 адам азаматтық саланың,  ал 288-і қорғаныс саласының қатысушысы ретінде білім алған. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, Қазақстан үшін ITEC бағдарламасы бойынша оқу орындарының саны 75-тен 100-ге дейін ұлғайтылған болатын. Бұл Қазақстанның мамандарына, сарапшыларына және студенттеріне алдағы жылдары ITEC бағдарламасының артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік беруде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер