Биылғы оқу жылының негізгі ерекшеліктері қандай?

image.png

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» - делінген. Жас ұрпақ - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі мақтанышы!

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен С.Рахымов атындағы жалпы орта мектеп  базасында «2023-2024 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру мақсатында кезектен тыс әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. 

Дөңгелек үстел барысында “TIMSS PRILS”тапсырмаларын қысқа мерзімді жоспарға кіріктіру, ББЖМ халықаралық зерттеулеріне дайындық бойынша пікір алмасулар, талдаулар, ұсыныстар айтылды. 

Қатысушылар 2023-2024 оқу жылының негізгі ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен биылғы оқу жылында экологиялық білім беру сапасын арттыру: оқушылардың экологиялық мәселелерді шешудегі практикалық дағдыларын дамыту мақсатында бағдарламалар мазмұнына тақырыптарды енгізу. Мұғалімдерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту (өнері төмен және табысты оқушылар арасындағы алшақтықты азайту),   мектептердің ата-аналар қауымымен өзара байланысын күшейту, «Ата-аналар академиясын» құру,  домбыраның факультативтік курстарын өткізу, мектептерде шахмат секцияларының желісін кеңейту,   «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер» жобалары аясында іс-шаралар өткізу, ұстаздың мерейтойларына арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру арқылы тәрбие жұмысын күшейту және «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінің республикалық дерекқорын құру.

Дөңгелек үстелдің соңында корытынды жасап, келген ұстаздарға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер