Ұстаздар білім сапасын арттырудың жолын талқылады

image.png

Шардара ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бастауыш пән мұғалімдерімен "2023-2024 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері" тақырыбында ақпараттық семинар өтті.

Атап айтсақ, 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар; құзыреттілік, құндылықтарға бағытталған педагогикалық тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар; пәнді оқытуда функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстары; үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау өзектілігі; сыныптар бойынша оқу жүктемесінің бөлінісі; элективті курстар туралы; халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын жүйелеу бойынша өткен оқу жылындағы олқылықтардың орнын толтыру аясында жұмысты жүйелеуге бағытталды. 

Аталған ақпараттық семинар барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша, іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Аудандық бастауыш сынып жетекшілері, бастауыш пән мұғалімдері бас қосқан семинарда қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Ал Жетісайда  ауданның білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерімен №7 «Тұран» мектеп-гимназиясында аудандық география пәні мұғалімдеріне арналған 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша ақпараттық семинар өтті. Семинар барысында Жетісай ауданы білім бөлімінің география пәні әдіскері  Ұлжан Бақытқызы әдістемелік нұсқаулықпен таныстырып, 2023-2024 оқу жылында оқушылармен жұмыс жасауды күшейтуді алға тартты. Сондай-ақ ғылыми жобалардың маңызын ескере отырып, Жетісай ауданының географтары бірігіп, өзекті тақырып бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды. География пәні мұғалімі, магистр Айсапар  Торғаутова, ғылыми жобалардың мақсат - міндеттері мен жалпы құрылымы туралы баяндап берсе, ал №72 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Серік Кәрікбаев  «География пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер