Келесте 9 сынып оқушысы техника жөндеумен айналысады

image.png

Келес ауданындағы №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл автокөлік жөндеумен айналысады. Ол сабақтан тыс уақытында аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Сондай-ақ мектеп жасынан ауыр техниканы тізгіндеп үйренген. 

– Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомеханика саласында еңбек еткен. Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзім де зейнетке жеткенше шопыр болып жұмыс істегенмін. Бүгінде немерелерім де осы салаға қызығып, білмегенін үйретіп, жол сілтеп отырамыз, – дейді Еркебұланның атасы Төлеген Мәуленов. 

Бүгінде жеткіншек ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жетік меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса да, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізіп, көмектесуде. 14 жасар Еркебұлан болашақта шебер механик болуды армандайды. Талантты баланың сынып жетекшісі Аширова Жамиланың айтуынша, Еркебұлан сыныпта да тәртібімен ерекшеленіп отырады екен. 

– Сыныбымызда дарынды балалар өте көп. Соның ішінде Еркебұлан ерекше көзге түседі. Достарының арасында сыйлы, әрдайым жолдастарына көмек қолын созуға дайын, – дейді сынып жетекшісі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер