Созақта «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық мектептің құрылысы басталды

image.png

Созақ ауданының орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары басталды.

Осыған байланысты аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылысы жүріп жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, жауапты мамандарға құрылысқа кедергі болатын бағаналарды ауыстыру жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды. 

Аталған білім ошағы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

«Жайлы мектеп» жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сонымен қатар оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалып, оқушыларға арналған түрлі үйірмелер де ашылмақ. Сондай-ақ жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға барлық жағдай жасалады. Жоба көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Айт а кетейік, 2023-2025 жылдары елімізде 401 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. Жалпы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер