100-ге жуық оқушы мультфильм тамашалады

image.png

«Оңтүстік фильм» мекемесінің «Ұлттық кино» жобасы аясында көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында Сауран ауданынындағы Ибаата елді мекенінде орналасқан «Ұлықбек» атындағы жалпы орта мектебінде кино көрсетілім апталығы болып өтті.

Аталған апталық шеңберінде «Алтын сақа »халықаралық анимацилық фильмдер фестивальнің жеңімпазы «Айбынды аула» туындысымен «Оқсыз оқиғасы», «Көне құмыраның сыры» секілді анимациялық фильмдер тамашаланды. Кино көрсетілімге 100-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар оқиға желісінен адамгершілік, адалдық, шыншылдық, жақсы қасиеттер жеке тұлғаның бойында қалыптасу керектігін сезінді.

Жоспарға сай, алдағы уақытта да бұл жоба аясында мекеме қорынан кинокөрсетілім іс-шарасы ұйымдастырылып, жыл соңына дейін облысымыздың өзгеде орталықтары, мектептер мен балабақшаларында жүзеге асырылатын болады.

Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені жөн. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер