Бәйдібек ауданы, О.Тайманов атындағы Өнер және саз мектебінде «Төрт тоқсан - төрт өнер» атты ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасымен бірінші тоқсан мұғалімдер арасында «Ақындар айтысы» өтті.
«Ақындар айтысы» мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау. 2008 жылы импровизатор-ақындардың өнері – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енген қазақ халқының бай ұлттық мұраларының бірі.
Аталған айтыс өнері халық мерекелерінде және жәрмеңкелерде импровизатор-ақындардың топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын поэтикалық сайысы, домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын, Қазақ әдебиеті мен фольклорының поэтикалық жанры, халық ауыз әдебиетінің танымал түрі.
Айтысқа қатысушы ақындар жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеуді сөз етсе, өнер мектебінің педагогтері дәстүрлі әндер, термелер шырқап, іс-шараны жандандырды.