Кәсіби біліктілік - педагогтың мәртебесі

image.png

Кәсіби біліктілікті арттыру кез келген маман үшін өте маңызды.  Қазіргі таңда педагогикалық қызметті өзінің шығармашылық дамуы мен жетістіктерін қолдану арқылы және озық педагогикалық тәжірибе арқылы жүзеге асыра алатын мұғалімнің қажеттілігі артып отыр. XXI ғасыр заман талабы бойынша мұғалімнен жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру қабілеті, белгісіздік жағдайында тәуелсіз әрекет ету және күйзеліске қарсы дағдыларын меңгеру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі. Жаңа типтегі оқу орындарының құрылуы, білім беру мазмұнының жаңартылуы мен кәсіптік қызметтегі басқару аспектілерін айқындалуы мұғалімдердің кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру қажеттілігін анықтайды. Педагогикалық кадрлардың сапалық деңгейі білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені барлық басқа бөлшектерді енгізу тікелей білім беру жүйесіндегі адами ресурстарға байланысты. Мұғалімдер өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы және міндетті. Біліктілікті көтеру көрсеткіші мекеменің аттестациялау және мемлекеттік аккредиттеу кезіндегі бағалауының маңызды бөлігі болып табылады.

Жақында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас ауданы орта білім беру ұйымдарының оқу ісі орынбасарларына арналған «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында курс өтті. Курс барысында тренер – Гүлмира Қуанышбек  «Педагог» кәсіптік стандарты, «Педагогикалық менеджмент», «Lessоn study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі», «Басқару практикасындағы мотивациялық теориялар» , «ІӘЗ әдіснамалық негізін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыптары бойынша семинар-сабақ жүргізді. Білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында стратегиялық басқару құралдары,басқарушылық шешімдерді қабылдаудың тиімді моделін қалыптастыру, инновациялық менеджмент саласындағы білім мен дағдыларды қолдану және оқу ісі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде курстың тыңдаушылар үшін берері көп болды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер