Балалардың кітап оқуға құштарлығы артып келеді

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енген. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. 

Түркістан облысы,Түлкібас ауданы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп кітапханасында аталмыш  жоба аясында "Ақпарат күні" өткізілді. Мақсаты: кітапхана қорындағы "Анықтамалық ,ғылыми - оқу ,көркем әдебиеттеріне шолу жасай отырып , таныстыру. Кітап оқуға баулу, қызығушылығын арттыру, көркем әдебиеттерді насихаттау. Кітапханаға шақырылған оқырмандары оқу залында медитека қорын пайдаланып , интернет желісінен ақпараттар алды. Өздері оқыған кітаптары туралы айтып шықты.  Сүйікті кітаптарымен суретке түсті. Ақпарат күні жаңадан келген оқушылар қызығушылық танытып , оқырман ретінде кітапханаға тіркелді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер