Оқушылардың тілге деген құрметі ерекше

image.png

Түлкібас ауданының білім бөлімі, Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 718 санды хатына сәйкес, Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде «5 қыркүйек- Қазақстан халық тілдері» мерекесіне орай, «МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» тақырыбында онкүндік өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттері мен білімдерін дамытудағы қызығушылығын қалыптастыру және тілге деген құрметін арттыру.

Онкүндіктің барысында:-«Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі» онкүндіктің ашылуын Г. Беспаева жан-жақты , жоғары деңгейде ұйымдастырды.  Ал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері А. Шойтанова мен Н. Жәтен  5-8 сынып оқушылары арасында «Тілімізді ұлықтайық» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сондай-ақ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Ж. Сапар мен Ж. Қуатбаеваның ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында «Үздіктер алаңы» атты байқау өткізді.

-«Тіл білгірлері» зияткерлік-танымдық ойынды ағылшын тілі пәні мұғалімдері А.Салықбай мен С.Абдукалиеваның ұйымдастыруымен өткізілді. «Өнер алды-қызыл тіл» көркемсөз оқу сайысын З. Аққожаева мен М. Асамбай ұйымдастырды. Іс шара барысында сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларымен «Тіл-достық дәнекері» тақырыбында танымдық сайысты Г.Абдраева мен Б.Тіркеуова өткізді. 

Сонымен қатар, «Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған жалпықазақстандық республикалық диктант жазу ұйымдастырылған. Онкүндік барысында мектеп оқушыларының бойынан тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет ерекше байқалды. 

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді», - деп Ғ. Мүсірепов атамыз айтқандай «Тіл-біздің тұтастығымыз» сондықтан өз ана тіліміздің шұбарлануына жол бермей, қөзіміздің қарашығындай қорғап, сақтау біздің борышымыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер