«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Асанбай Асқаров атындағы мектепте қазақтың біртуар тұлғасы, ұлт қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 101 жыл толуына орай оқушылар арасында мектепішілік айтыс өткізілді. Іс шараға 237оқушы қатысып, тамашалады.
Айтыс – қазақ халқының бай ұлттық мұраларының бірі, импровизатор-ақындардың сайысы. Айтыс – қазақ әдебиеті мен фольклорының поэтикалық жанры, халық ауыз әдебиетінің танымал түрі. Ұлттық өнер халық мерекелерінде және жәрмеңкелерде импровизатор-ақындардың топ алдында суырып салып айтылатын поэтикалық сайысы, домбыраның сүйемелдеуімен орындалады.
Айтыс – қазақ халқының жүрегі мен жаны. Айтыстың көмегімен ақындар қазақ халқын толғандырған ойларын, тілектері мен армандарын жеткізді.
Ұйымдастырылған іс шараның мақсаты балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, орындаушылық және вокалдық дағдыларды қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу.
Айтысқа қатысқан мектеп оқушылары өз өнерлерін көрермендер алдында ортаға салды. Іс шара өте жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың сұрануымен осындай іс шаралар жалғасын табатын болды және де басқа да оқушылар қатарға қосылып ұлттық рухымызды көтеріп, халқымыздың мәдениетін дамытары сөзсіз.