Балалар ұлт ұстазы Ахметті дәріптеді

image.png

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінде “Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы” атты танымдық сабақ өткізілді. 

Ұлттың ұлы ұстазы-Ахметтің түрлі қырларын оқушылар осы сабақ аясында жақсы тани білді. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт -азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы - Ахаң туралы оқушыларымыз тамаша ақпараттар ала отырып, сабақта қолданылған жаңашыл әдістер арқылы алған ақпаратты естеріне сақтай алды. 

Ахметті таныту барысында сабақ өткізген ұстаздарымыз Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры  Райхан Имаханбетпен  байланысқа шығып,сабақ үстінде желі арқылы музей туралы ақпараттармен бөлісті. Оқушыларымыз тап сол музейде жүргендей әсер ала алды. Осы тұста көптеген оқушыларымыздың қызығушылықтары арта түсіп, аса бір мұқияттылықпен сабаққа зейін қойды. 

Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Сатымбекова Эльмира мен Әбдібек Тоғжан апайларымыз жоғарғы деңгейде өткізді . Ұстаздарымыз “Ағартушы Ахмет: “Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады” деген. Ұлы сөз! Егемен еліміз тұлымды ұлым мен бұрымды қызым деп сендер үшін барлық жағдай жасауда. Ертеңгі және бүгінгі күні, қадірлі менің Қазақстаным деген қасиетті ұғым, Ахмет аталарыңдай әрқайсысыңның кеуделеріңде атой салып жаңғырып тұруы тиіс!” -деп танымдық сабақтарын тиянақты аяқтады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер