Түлкібас ауданында 150 орындық мектеп «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ашылды

Түлкібас ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа мектеп ашылды. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың айтуынша, Түлкібас ауданындағы Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылында Конститутция мерекесі қарсаңында жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілген екен. Ол мектептің құрылыс жұмысы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүргізілген. 

Screenshot_1.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім, денсаулық пен бұқаралық спорт салаларын дамытуға баса мән беріп отыр. Әрбір сала бойынша ауданда атқарылып жұмыстар баршылық. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» дейді Президент. Жалпы мектептердегі білім сапасын арттыруға бүгінгі таңда жасалып жатқан игі істер де өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, бүгінгі таңда ауданда осыған дейін Еңбекші елді мекенде мектеп мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген. Сонымен қатар, аталған білім ошағы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған, - дейді аудан басшысы.  

Оның ашылу салтанатына аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. 

Жаңа оқу жылы қарсаңында құрылысы аяқталған мектептің сыйымдылығы 150 оқушыға арналған. Сондай-ақ жаңа нысан мемлекеттік стандартқа толықтай сай келеді. Оған дәлел, мектепте арнайы бір лингофон бөлмесі бір мультимедия бөлмесі бар. Оған қоса, қыздар мен ұлдарға арналған заманауи үлгідегі шеберхана және 13 пәндік кабинеттермен толыққан. Сонымен бірге, мәжіліс, спорт залы, кітапхана, педагог-психологтардың жеке кабинеттері мен 50 орынға шақталған асхана мен медициналық бөлмесі бар. 

Түлкібас ауданында халық санының артуына байланысты сондай-ақ  балаларды сапалы біліммен қамту мақсатында, Таусағыз ауылындағы Г.Титов атындағы мектебінің қосымша 150 орындық ғимарат құрылысына және Т.Рысқұлов ауылы, «Бақыбек» мөлтек ауданынан салынып жатқан 300 орындық  мектептің құрылысына қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Сонымен қатар, Ынтымақ ауылы А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беріледі. Ауданда 2023-2025 жылдарға 4 жаңа мектептің және 2 қосымша ғимараттың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның екеуі «Жайлы мектеп» жобасымен салынбақшы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер