Түркістан облысында күрделі жөндеуден өткен білім ошақтары пайдалануға берілуде

Түркістан облысында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан мектептердің біразы тапсырылуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, биыл 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда оның 14-і пайдалануға берілген. Ал 5 мектептің құрылыс жымысы алдағы жылға өтпелі.

Screenshot_2.jpg

Қалған білім ошақтарын таяу күндерде тапсыру жоспарланған. 

– Білім саласына биыл бюджеттен 597 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 4 миллиард теңге қаралған. Оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындауға қаражат жеткілікті. Аудандарда кездесу өткізгенде мектеп мәселесі жиі көтеріледі. Мысалы, Сайрам және Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары созылған. Нәтиже болмаған соң өзім баруға мәжбүр болдым. Сарыағаш ауданындағы №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының созылуына орай жауапты мердігер мен жұмысына салғырт қараған тұлғаларды анықтап, заң аясында жауапкершілікке тартуды ұсынамын, – деді ол.

 Сонымен қатар облыстық білім басқармасының атауының өзгеруіне байланысты аудан, қалалық білім бөлімдерінің атаулары өзгертіліп, қаржы операцияларын жүргізуге мүмкіндіктері бар. «Бірінші кезекте қызметкерлердің айлық жалақылары мен ІV тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 3 мыңға жуық балаға мектеп формасы үшін ата-аналарының жеке шоттарына қаржылық аударым жүргізіледі. Сонымен қатар келесі жылдан бастап білім саласын басқару жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен аудан, қалалардың әкімдіктеріне мемлекеттік білім беру ұйымдарын әкімшілік-экономикалық қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Ал оқу-тәрбие процесін қаржыландыру, облыстық білім басқармасында болады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Дайындықтың негізгі міндеттерінің бірі, білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз ету. Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 миллиард теңге бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 миллион 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда екен.  

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылдануда. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 миллиард теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді. 

- Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп, олардың жалпы көлемі 5 мың орындық білім ошақтары пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған, - дейді ол.

Сондай-ақ облыс колледждеріне биыл кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.

- Биыл облыстағы 50184 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет және демеушілер есебінен алып беріледі. Қазіргі таңда 41 734 балаға көмек берілді. Оның ішінде мемлекет тарапынан 32 312 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалса, демеушілер есебінен 9 422 балаға түрлі көмектер берілді, - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер