Түркістан облысында жаңа оқу жылы барысы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды. Оған білім басқарманың жауапты мамандары мен қала және аудандағы білім бөлімінің басшылары, колледж директорлары қатысты.
Күн тәртібінде «1 қыркүйек – Білім күні» салтанатты жиынға дайындық жұмыстарына байланысты Бейсенбай Дәулетұлы арнайы тапсырма берді. Орта білім мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы сұрады. Әр ауданнан білім мекемелерінің дайындық жұмыстары пысықталды.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін орта білім мекемелерінде асханалар жайында сөз қозғалды. Асханасы жоқ 110 мектептің мәселесін шешудің көздері қайта қаралды. Олар тасымал түрінде, жақын маңда орналасқа мектеп асханаларын іске асыру мен модульдік асхана арқылы шешімін табады.
Қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Турникеттер мен арнайы күзет және дабыл батырмалары, бейнебақылау камералары және қоршаулар бойынша тиісті бақылау жұмыстарын жүргізіп, қатаң назарға алу керек дейді облыс әкімінің орынбасары. Ал, колледж басшыларына техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне мемлекеттік тапсырыс орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар легінің есебін берді.
Жиын барысында айтылған тапсырмаларды жауапты басшыларға назарға алып, толықтай бақылауға ұстау керектігі айтылды.