Кентау қаласында 2189 оқушы 1-сыныпқа қабылданды

Кентау қаласы бойынша 28 мектепте білім күні аталып өтті. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың айтуынша, қалада 1905 мұғалім еңбек етеді, мектептерде 20 058 оқушы білім алуда екен. Соның ішінде 2189 оқушы 1-сыныпқа қабылданған.

Screenshot_21.jpg

Қала әкімі 1 қыркүйек – Білім күні қаладағы №23 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларға ақжарма тілегін білдірді.

– Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең  жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Соның ішінде білім саласындағы жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бұл орайда мемлекетіміз көштен қалған емес. Мемлекетіміздің тікелей қамқорлығының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Осы орайда ұстаздардың да рөлі ерекше екендігін айта кеткен жөн, – деді қала әкімі.

Мерекелік жиында мектеп табалдырығын аттаған егіздер Ясмина мен Ясина алғашқы қоңырау соқты. Бірінші сыныпқа барған апалы-сіңілі егіздер мектепке келуге асыққандарын, сыныпта ең үздік оқушы болатындарын айтады.

Салтанатты шарада бірінші сынып оқушысы атанған бүлдіршіндерге жоғары сыныптың үздіктері «Әліппе» мен «Букварь» кітабын табыс етті. Сондай-ақ білім күніне арналған әсем әуендер шырқалып, жыр-шумақтар оқылды. Шарадан соң қала әкімі  сыныптарды аралап, оқушылармен тілдесті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер