Сауран ауданында жаңа мектептің лентасы қиылды

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беретін мектеп алғашқы оқушыларын қабылдады. Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, жаңа оқу жылына оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді. 

Screenshot_20.jpg

– Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен биыл жыл соңына дейін 37 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Облыста балаларды қорғау және әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданған. Әсіресе балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 6 бағытта жұмыс жүргізіліп, мәселелер шешіліп отыр. Сондай-ақ бастауыш сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді. Осындай жетістіктеріміз көбейе берсін. Жаңа оқу жылы тағы да құтты болсын! Оқушылардың қадамы сәтті, ұстаздар еңбегі жемісті болсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Түркістан облысының білім беру саласында 2 381 ұйым қызмет көрсетеді. 1381 мектепке дейінгі ұйымда 150 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,5 пайызды құрады. Жалпы мектеп саны 1 мыңға жетіп 515 мың оқушы білім алуда. Облыста өткен жылы 34 мектеп салынса биыл жыл соңына дейін 37 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша алдағы үш жылда облыста 63 жаңа мектептің құрылысы жүргізіледі.

«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне балаларды тасымалдау үшін биыл жаңа 101 автобус лизингпен алынды. Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 894 мемлекеттік мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңгеге жуық бөлініп,  бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылды. Сонымен қатар биылдан бастап облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, 2021 жылы құрылысы басталған 300 орындық білім ұясы типтік, үш қабатты. Ғимараттың қабырғасы кірпішпен қаланған. Су және кәріз жүйесі орталықтандырылған. Қатты отынмен жылытылады. Жаңа білім ошағының оқу кабинеттерінен бөлек, асхана, медпункт, спорт залы бар. Құрылыс жұмыстарын «AziaRCр» ЖШС-і компаниясы жүргізген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер