Созақ ауданында 1834 оқушы оқу-құралдарымен, киім-кешекпен қамтылған

Созақ ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясына кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар белсене атсалысты. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың айтуынша, аталған акция аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлері тарапынан 122 бала, қосымша демеушілер есебінен 737 бала оқу-құрал жабдықтарымен және мектеп формасымен қамтылды. Демеушілер тарапынан 859 балаға 26 миллион 197 мың теңгеге жұмысалған. 

Screenshot_19.jpg

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мектеп жасындағы 975 баласына мемлекет тарапынан 40 мың теңгеден 39 миллион 552 мың 825 теңге жеке шоттарына аударылған. 

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков  аудандағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебіндегі 1 қыркүйектегі салтанатты жиынға қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды білім күні мерекесімен құттықтап, ауданда білім саласының әлеуетін арттыру мақсатында қолға алынған жобаларға тоқталып өтті. 

– Бүгінде әлемдік өркениетке бет алған еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осы саланың жандануына ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын заманауи үлгіде мектеп пен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Бұл бағыт бойынша ауданымызда да тиісті жұмыстар жандануда. Биыл аудан орталығынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылысы басталып, Ыбырай елді мекеніндегі 200 орындық Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек С.Қожанов атындағы ескі музей ғимараты балалар шығармашылық үйіне арналып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қажетті жабдықтармен толықтай қамтылды. Мұның бәрі білім саласына жасалып жатқан қамқорлық екенін айтып өтуіміз керек,– деді аудан басшысы.

1 сыныпқа баратын мектеп оқушылары, алғашқы қоңырау соғып, мектеп табылдырығын аттады. Аудан басшысы оқушылардың алғашқы сабағына қатысып, оларға сәттілік тіледі. 

Жалпы биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 1507 бала қабылданып,  жалпы 15279 бала мектепте білім алады. 1-4 сынып аралығындағы 5965 оқушы толықтай ыстық тамақпен қамтылуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер