Шардара ауданының орталығы Шардара қаласынан жекеменшік «iBilim» мектебі ашылды. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың айтуынша, «IBilim high school» – жоғарғы сыныптарға арналған заманауи мектеп 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Бүгінгі таңда ол мектеп оқушыларды дайындық курсынан өткізіп, білім сапасын арттуына қолдау көрсетуде.
Бұл орталықты ашу үшін мемлекеттің қолдауына сүйенген кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 3000000 теңге қайтарымсыз грант алып, ашқан болатын. Кәсіпкер ол қаражат қажетті құрал-жабдықтар мен оқу құралдарын алуға жұмсалған.
Аталған 5 жыл ішінде 2000-ға жуық оқушыны оқытып, олардың 90 пайызы, яғни, 1800 оқушының грантқа түсуіне септігін тигізіп отыр. Енді осы 2023-2024 оқу жылынан бастап «IBilim High School» мектебі мемлекеттік стандарттарға сәйкес, мектеп бітіруші түлектерге аттестат беретін, барлық талаптарға сай келетін жеке меншік мектеп ретінде тіркеліп, жұмысын жалғастыруда.
Мектептің ғимараты мен ішкі жиһаздары жеке инвесторлардың есебінен қарастырылған. Ғимараттың іші-сырты толығымен күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, заманауи талаптарға сәйкес стандартталған. Білім ордасынан айналатын ғимаратқа жеке инвесторлар есебінен 120 миллион теңгеден астам қаражат тартылған.
Компания бүгінде 30-дан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде 18 жоғары санатты білікті мұғалімдер болса, қалғаны – мектеп әкімшілігіне жауапты қызметкерлер мен техникалық персоналдар.
Оның ашылу салтанатына Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың арнайы қатысып, білім ордасының ашылуына атсалысқан барша азаматтарды құттықтады.