Кентаудағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледждің мәселесі демеушілер күшімен шешілді

Кентау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледжде бұған дейін шешімін күткен бірқатар мәселелер бар болатын. Демеушілердің күшімен ол мәселе жаңа оқу жылында оң шешімін тапты. 

Screenshot_17.jpg

Басқа білім ошақтары сияқты арнаулы кәсіптік колледжінің студенттері де жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алды. Оқу ғимаратында ерекше оқушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы жеделсаты іске қосылды. 

Мерекелік шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, колледж студенттері мен ұстаздарын білім күнімен құттықтады. Оқу орынның басшысы Роза Аяпбергенова қонақтарды колледж тынысымен және алдағы жоспарларымен таныстырды.

Колледж тарихында алғаш рет іске асып отырған бұл жаңалыққа студенттер дән риза. Бұған дейін оқуға құштар, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар қоларбаларын бірінші қабатқа тастап, жоғарыдағы дәрісханаларға сатымен көтеріліп әуреге түсетін. Енді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы  тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауының арқасында 15-35 жас аралығындағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған колледж оқушыларының білім алу жолындағы тауқыметі жеңілдей түсті.

Айта кетейік, бұл игі іс «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің  қамқоршылық кеңесінің оң шешіміне ие болу нәтижесінде жүзеге асырылды.

Қазақстандағы жалғыз мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған білім беру мекемесіндегі жылдар бойы көтеріліп келген мәселенің оң шешімін табуы колледж ұжымы үшін де, ата-аналар үшін де қуанышты жағдайға айналып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер