Түркістан облысында 33 үздік мұғалім марапатталды

Түркістан қаласында өткен білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында үздік мұғалімдер марапатталды. Жалпы тамыз кеңесі «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Screenshot_32.jpg

Сол тамыз кеңесінде Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінде 33 үздік ұстаз арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан 3 бағыт бойынша ұстаздар қауымы марапатталды.

Қошеметке ие болған тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің  біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру жане тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары еленді.

Ұстаздарға «Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін» деген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғысы мен «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» құрмет грамотасы және еліміздің бас ұстазының  атынан «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» құрмет дипломы табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер