Кітап оқыған озар

image.png

Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез-келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы. Сауаттылықтың  бастауы   ол  әрине кітап оқу.  Сондықтан оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру өте маңызды.

Осы орайда Түркістан облысы Бәйдібек аудандық білім бөліміне қарасты Қайнар жалпы білім беретін мектебінде Бәйдібек, Созақ, Ордабасы аудандырының мектеп кітапханашыларымен «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы кітап оқудың тиімділігі» атты ақпараттық семинар өтты.

Ақпараттық семинардың мақсаты - оқушыларды кітап оқуға қызықтыру және рухани дамуына ықпал тудыру арқылы оқу сауаттылығын арттыру.

Кітап оқудың арқасында бала барлық пәндерден озат, үздік болады. Баланың танымдық және дамыту қызметі анықталады, ойлауға үйренеді, есте сақтау қабiлетi жақсарады. Балалар кітаптар мен журналдардан, сайттардан, басқа да ақпарат көздерінен керекті ақпаратты жинақтап, сараптай білетін жас зерттеушілерге айналады. Қызықты жайт, ерте кітап оқи бастаған балалар ересек болғанда да көп оқиды, үйренуге, жаңа дағдыларды меңгеруге бейім келеді. Үйде ата-анасымен бірге кітап оқуды сүйетін бала еркін, өз-өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптасады. Кітап оқу баланың одан әрі жетілуіне, кемелденуіне, тәртіпті болуына, моральді сауаттылықтың қалыптасуына бастама болады. Кітап оқу баланың ой – өрісін кеңейтеді, қиялын, шығармашылығын дамытады.

Аталған семинарға келген Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының кітапхана ісі жөніндегі әдіскері А.Темірбаева және Созақ, Ордабасы аудандарынан келген кітапхана ісі жөніндегі әдіскерлері, мектеп кітапханашылары өз белсенділіктерін көрсетіп, оқу сауаттылықты арттырудағы мектеп кітапханасының ықпалы жөнінде пікір алмасты. Бәйдібек аудандық мектеп кітапханашылар түрлі тақырыптарда ақпараттық сағаттар өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер