Шардара ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінде аудан мектептерінің орыс тілі мен әдебиет пәні әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған «2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық оқыту семинары өтті.
Семинар барысында қатысушыларға жаңа оқу жылындағы нормативтік-құқықтық құжаттармен, оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен, функционалдық сауаттылықты дамыту, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту, сабақтарды жоспарлау, бағалаудың негізгі ерекшеліктерімен таныстырылып, оқу жылындағы қойылған мақсат-міндеттерді аталған ерекшеліктерге сай жоспарлауға енгізу ұсынылды.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізу бойынша былтырғы жылы өткен тестілеудің қорытындылары талданып, оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруға, сыни ойлау мен креативтілікті дамытуға бағытталған тапсырмаларды күнделікті сабақтарда пайдалану, үлгерімі төмен оқушылармен жан-жақты жұмысты түрлендіру, жақсарту туралы ұсынымдар берілді.
Халықаралық PISA - 2021 апробациялық зерттеуге қатысқан Түркістан облысы мектептерінің нәтижелері таныстырылды. М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Р.Ж.Еспенбетова және «Достық» жалпы орта мектебінің мұғалімі Г.Қасымбекова "PISA" халықаралық зерттеуі бойынша орыс тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерімен бөлісті.
Келесі мәселе бойынша мектептердегі тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар берілді.
Семинарға қатысқан мұғалімдер білім сапасын көтеру бойынша, озық технологияларды тиімді пайдалану, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша пікір алмасып, ұсынысытар енгізді.