Мамандық таңдау – кез келген адамның ересек өмірге жасайтын алғашқы қадамдарының бірі болып саналады. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан жастар сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болулары үшін өз мамандықтарын дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарын дұрыс таба білулері керек!
Осыған орай Түркістан облысының білім басқарамасының Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп – интернатта 10-сыныптар арасында кәсіптік бағдар беру бағытында «Мамандығым - болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы түсінік беру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау. Ал міндеті мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту; мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
10 сынып оқушыларының болашақтағы мақсаты, жоспарларымен бөлісіп, пікір алмасу, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру мақсатында «Мамандығым - болашағым» тақырыбында жұмыс жүргізілді.Топтық жұмыс барысында оқушылар өздерінің ойларын ашық айтып, бір-бірлерімен пікір алмасты. Әңгімелесу барысында мамандық таңдауда әр бала жеке өзіндік бейімділігін, қабілетін, қызығушылықтарын ескеру керектігі жөнінде кеңестер беріліп, мамандық таңдауда нақты жоспарлы түрде ұмтылу арқылы мақсатқа жетуге болатыны айтылды.
Мамандықтар калейдоскопы интерактивті ойыны екі сынып арасында ойнатылды. Ойын барысында: мамандық сөздіктер, деректер, мақал – мәтелдер, сипаттау, мамандықтар ребусы қолданылды.
Аталған бөлімдер арқылы оқушылардың кретивти ойлай білетіндіктері, жылдамдықтары мен тез шешім қабылдай алу қасиеттері өте жоғарғы деңгейде екендіктері анық байқалды.