Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатында Тілдер мерекесі аясында «Тіл -тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты онкүндіктің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мақсаты тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Үш тілдік саясатын дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада мектеп оқушылары қазақтың, орыстың ұлттық биін биледі, ағылшынша ән айтты. Қазақтың патриоттық әнұранына айналған "Жүрегім қазақ" әнін 10-сынып оқушылары Ақжан мен Тәңірбергенге қосылып әуелете шырқады. Іс-шараның соңында онкүндік барысында өткізілген сайыстар мен сыныптан тыс шараларға белсене қатысып, үздік деп танылған оқушылар мақтау қағазы және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Олар: «Үздік эссе» - Смадиярова Аружан 8 А сынып оқушысы, «Көркемсурет – үнсіз поэзия» суреттер байқауында 3-орын 9а сынып оқушысы Алихан Әлібек; 2-орын: 8б сынып оқушысы Нұрғалиұлы Нұрислам; 1-орын: 10а сынып оқушысы Темір Бибіназ, «Тайны русского языка» байқауының жеңімпазы 8а сыныбының «Дружба» тобы, «Тіл жүйріктері» сайысының жеңімпазы: 10 "А" сыныбының "Алашорда" командасы.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай!
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.