Еңбегі ерен ұстаз

image.png

Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаздар он күндігі» аясында Жетісай ауданы, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі және директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары  Алмас Тұрғынбаев  Баязитұлының еңбегін атап өтуді жөн көрдік. 

Географиялық ойлаудың мәні мен жердің сәнін сипаттап қана қоймай, ғылыми болжам жасау бағытында шәкірт тәрбиелеген Алмас Баязитұлының оқушылары аудан, облыс көлемінде пән олимпиадаларының бірнеше рет жеңімпазы атанып, республика көлемінде ғылыми жұмыстар мен түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып келеді. Тәжірибелі ұстаздың ғылыми еңбектері республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда да жиі жарияланып тұрады.

Алмас Баязитұлы ұстаздықпен қатар, мектептің әкімшілік құрамында бейіндік оқыту бойынша жұмыстарға басшылық жасайды. Оқушы жастардың мектептен кейінгі өмірде қоғамға қажетті мамандықты таңдап, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда орны ерекше. Бұл бағытта ұлағатты ұстаз аудандық, облыстық семинарлар ұйымдастырып, өзінің тұжырымды ойлары мен әдіс-тәсілдерін әріптестерімен бөлісуде еш аянып қалған емес.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер