Ерте замандардан қазақ халқы қонақжайлығымен өзге ұлттарды баураған. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау орта ғасырлардың өзінде Орта Азия, көршілес ұлт пен халықтармен етене жақын болған. Қазақстан көпұлтты ел екені белгілі, ресми статистикаға сүйенсек, елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Еліміз ұлттар достастығы мәселесіне ерекше назар аударады. Осы мақсатта бір емес, бірқатар республикалық мейрамдар бекітілген.
Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Мақсаты - сан ғасырлық құндылықтарды сақтау. Мерекеге орай еліміздің білім ошақтарында тілді дамыту, құрметтеу бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тілді құрметтеуден мақтааралдық оқушылар да қалыс қалмауда.
Жақында Мақтаарал Ауданы Білім Бөліміне қарасты Х. Әлімжан атындағы №12 негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өзбек тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің " Тил миллатнинг кўзгуси" тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Мақсаты: Тіл - ұлттың мақтанышы , тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
Ал аудандағы Қажымұқан атындағы N11 жалпы орта мектебінде өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің "Тил- миллат қалби" тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Көрме ұйымдастырылып,оқушылар өзбек ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып,шығармашылықтарына тоқталып өтті. Пән апталығының жоспары түзіліп, бекіттірілді.