Республика күні мерекесіне арналған "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №29 К.Тленшин атындағы жалпы жалпы орта мектебінде ақын жазушылармен кездесу кеші өтті.
Атап айтар болсақ Түркі әлемі жазушылары одағының мүшелері және Сайрам ауданының құрметті азаматы Тленшина Баян Керімқызы және Жартыбаев Сайлаухан шақырылды. Кездесудің мақсаты оқушыларды ақындардың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Кеш барысында мектеп оқушылары Баян апамыздың "Қиямет қайым", "Сұрқия", "Жұлдызды жүрек" және "Ғибрадты ғұмыр" шығармаларымен танысты.
Сонымен қатар оқушылар қонақтарға арнап өз жанынан шығарған өлеңдерін оқып құрмет көрсетіп гүл шоқтарын тарту етті. Жиналған оқушылар мән-маңызы ерекше болған жиыннан ерекше әсер алып тарқасты.
Айта кетейік Баян Тленшина педагогтар отбасында туылған. «Білім беру ісінің үздігі», «ОҚО еңбек сіңіргені үшін» медальдарының, халықаралық «Лучшие люди Казахстана» орденінің иегері. Студенттік шағында-ақ белгілі психолог-ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың жетекшілігімен «Қазақ ертегілеріндегі психология», «Таным мен тағылым», «Ұстаз беделі неде?» атты жантанымдық ғылыми еңбектер жазды.Ұстаздықтың алғашқы қадамдарынан жемісті нәтиже көрсетіп, 1976 және 1979 жылдары «Физиканы оқытудағы аналогия», «Электро-магниттік толқындар шкаласы» тақырыбын оқыту әдістері жүлдегер атанып, 2 дүркін ҚР мектептеріне үлгі ретінде таратылды. «Қанат қақты», «Ғашық-нама», «Шабыт шашуы», «Жыр додасы», «Жұлдыз жүрек» атты жыр жинақтары және «Қиямет-қайым», «Ғибрат», «Сұрқия», «Арман- дүние» романдарының авторы.