Балабақша тәрбие мен білімнің бастауы

image.png

Тәрбиелі, білімді, жан-жақты дамыған балалар - ертеңгі еліміздің болашағы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту - мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Балаларды тәртіпке үйрету, зейінін ашу, жан-жақты дамытуда балабақша қызметкерлері өз үлестерін қосуда.

Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Балдырған» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың психолог және логопед мамандарына арналған әдістемелік отырыс өтті.

Балаларға оқу-тәрбие жұмысын тиімді әрі нәтижелі жүргізу үшін нормативті құжаттардың жүргізілу жолдары мен маңызын түсіндіру мақсатында өткізілген әдістемелік отырыста Түркістан қаласы білім бөлімінің психолог әдіскері Г.Серікбай 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықпен және қолданыстағы білім беру стандартына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Балдырған» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Ж.Қыстаубаева «Психологиялық қызмет: мәселелерді шешуде инновациялық әдістердің тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңдағы арт терапиясының маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, осы балабақшаның логопед маманы А.Әбибуллаева «Сөйлеуді дамытудың Еуропалық методикасы» бойынша баяндама жүргізді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы тілінің кеш дамуының алдын алу жолдарына тоқталды. Ал, «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Г.Шаймердинова «Жақсы көңіл-күй - жағымды ахуал» атты тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында педагогтар қауымы ұйымшылдықпен, ұжыммен бірлесе жұмыстар жүргізе білді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер