Жақында Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік көмек семинары өтті. Семинарға бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының қосымша білім беру педегогтері мен үйірме жетекшілері және қызметті ұйымдастыру бойынша жауапты әдіскер қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Б.Қаймолдаева семинарды ашып жүргізіп отырды. Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогі Дариха Муштаева «2023-2024 оқу жылындағы вариативтік компонент сағаттарының ерекшеліктері» атты баяндамасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Биылғы оқу жылында бірқатар өзгерістер бар. Олар: 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқыту кезең-кезеңмен жүзеге асырыла бастайды. Мәселен, бірінші сыныпта Әліппе/Ана тілі пәндерін оқыса, орыс тілін екінші сынаптан бастап оқиды. Ағылшын тілі пәні барлық мектепте үшінші сыныптан бастап қосылады. Жаңа 2023-2024 оқу жылында ауыл оқушыларына қолдау білдіру, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында республикалық олимпиада өтеді. Биылғы оқу жылынан бастап 5–8 және 10-сынып оқушылары да қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
Сондай-ақ жиында Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогі Шаңлақова Гүлмира Бауыржанқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру бойынша білім беру мекемелерінде оқушылар дебаттық қозғалысын дамыту тақырыбында жасаған баяндамасында оқушылардың интеллектуалды дамуына арналған ісшаралар, арттыру бағытында жүргізілген сабақтарын слайд арқылы көрсетіп айтып, қорғап шықты.
Абай атындағы №31 жалпы білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогі Жұмантаев Нұрғали Аманкелдіұлы жаңадан келген әріптестермен танысу бойынша «Танысу» атты тренингін өткізді.
Семинар жұмысын қорытындылай келе, «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Б.Қаймолдаева қосымша білім беру педагогтері мен үйірме жетекшілері қызметінің ерекшеліктерін айта отырып, номенклатураны түзу жолдарын түсіндірді.