Президенттік олимпиаданың жөні бөлек

image.png

Түркістан қаласында жыл сайынғы дәстүр бойынша бітіруші 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға шаһардағы жалпы білім беретін мектептерден 32 оқушы қатысып, математика, физика, химия және биология бойынша алған білімдерін көрсетті.

Олимпиадаға қатысқан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы оқушылармен тілдесіп, білім бәсекелерінің маңыздылығын жеткізе отырып, барлық оқушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, бітіруші оқушыларды алда үлкен сынақтар күтіп тұрғанын, сол сынақтардан іркілмей өтіп, өздері қалаған мамандықтарының иесі болуларына тілектестігін білдірді.

Айта кетерлігі, Президенттік олимпиадада білімнің биігінен көрінген үш оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алады. Бұл жолы мұндай мүмкіндікке Сымбат Қылышбек (№9 Некрасов), Гүлжайна Мәлібек (№12 Қ.Сәтбаев) және Надира Кадирова («Тұлға») ие болды. Өткен жылы облыстық кезеңге қатысқан түркістандық оқушылар оза шауып, республикалық олимпиадада білімдерімен ерекшеленген болатын. Биылғы қатысушыларымыз да сол оқушыларымыздың жолын жалғап, биік белестерден көрінеді деп сенеміз.

Айта кетейік, Президенттік олимпиадаға 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Оларға төрт пән бойынша — математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар беріледі. Президенттік олимпиада үш кезеңде өтеді. Атап айтсақ, аймақтық, іріктеу және республикалық кезең. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ  оза шапқандар  олимпиада жеңімпаздары үшін білім гранттарын бөлуге дайын екендіктерін білдірген бірнеше жоғары оқу орнына түсе алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер