Әдістемелік отырыс өтті

image.png

Мектепке дейінгі ұйымда берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Осы орайда, Түркістан қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес "Балдырған" бөбекжай-бақшасының базасында тәрбиешілерге әдістемелік бағыт-бағдар беретін балабақша меңгерушілеріне арналған әдістемелік отырыс өтті.

Балаларға оқу-тәрбие жұмысын тиімді әрі нәтижелі жүргізу үшін нормативті құжаттардың жүргізілу жолдары мен маңызын түсіндіру мақсатында өткізілген әдістемелік отырыс барысында Түркістан қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдіскері Айгерім Қуандықова 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық, қолданыстағы білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламасына, балалардың бағдарлама мазмұнын игеру бойынша мониторинг нұсқаулықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде педагогтар сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіруге арналған «Ойдың жүйріктігі» атты тақырыптық ойын-тренингі ұйымдастырылып, балабақша басшылары белсенді түрде өз ойларын ашық жеткізді.

Аталған әдістемелік отырыс бұған дейін мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерімен өткен болатын. Алдағы уақытта жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдармен өткізу жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер