Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында, биология пәні мұғалімдері З.Исмаилова және Э.Исмаиловтар басшылығында 8-9-10-сынып оқушылары мен "Билим дарё булса-мироби Устоз" атты кездесуіні ұйымдастырып, кездесуге танымал тұлға, жазушы, аудармашы Хантура ата Юсупов қонақ болды. Хантура ата Юсупов 1953 жылда Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1975 жылда ТОШДУ-нің роман-герман тілдері факультетін қызыл дипломмен тамамдаған. Мамандығы-Тілдер бойынша филолог, аудармашы, мұғалім, ЖОО мұғалім, заводта инженер-аудармашы, үлкен инженер және бөлім меңгерушісі, Өзбекістан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің "Жахон" ақпараты агенттігінде аудармашы, аудармашылар тобының басшысы, бөлім басшысының орынбасары, редактор және бас маманы лауазымында еңбек еткен, ерең тұлғамен әрине қызықты-да, мазмұнды сұхбат болып өтті.
Оқушыларымызға Хантора ата Юсуповтың оқыған жылдары, еңбек жолдары, бай тәжірибесі күшті мотивация болып, өздеріне байланысты және қызықтырған сауалдарына жауаптар алды.
Жобаның мақсаты: Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау мақсатында «Ақындар айтысы» жас импровизатор-ақындардың республикалық сайысын бірінші тоқсанда өткізу жобада қарастырылған болатын.