Экология мәселелері әлем назарында екені белгілі, бұл халықты толғандыратын проблемалардың рейтингінде жетекші орын алатынын байқау қиын емес. Қоршаған ортаны құтқару, аялау бағытында ғалымдар дабыл қағып, түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Елімізде балаларға қоргаған ортаны таныстыру және қорғау керектігін ұғындыратын түрлі шаралар атқарылып келеді. Сондай-ақ экология мәселесін шешуге ат салысып жүрген оқушылар да бар.
Осы ретте жақында Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында «Жаһандық климаттың өзгеруі және экологиялық дағдарыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Нобель сыйлығының лауреаты CHUNG RAE KWON (Чунг Рае Квон) мырза мен Дулати университетінің ректоры Мұхтар Қазбекұлы және профессор-оқытушыларына, "Қазфосфат"ЖШС өкілдері қатысты.
Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы келген қонақтарды тыныс-тіршілігімізбен және жаңалықтарымызбен таныстырып, жаңа жобаларды таныстырды. Қонақтар әсіресе “Керамика”, “Зергерлік өнер”, “Спутниктік робототехника және ғарыштық байланыс” үйірмелерінің жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты.
Әріқарай конференция залында жоғарыда аталып өткен тақырып аясында дөңгелек үстелмен жалғасты. Онда экологиядағы өзекті проблемаларды қарастырып, олардың шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан Оқушылар сарайының ұстаздары мен оқушылары, алдағы уақытта экология мәселелеріне байланысты жобаларды іске асырмақ.