Балалар компастың көмегімен төңіректі бағдарлады

image.png 

Түркістан қаласында орналасқан Оқушылар сарайындағы «Спутниктік робототехника және байланыс» үйірмесі «Компастың көмегімен төңіректі бағдарлау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сарай ауласында өткен сабаққа «Спутниктік робототехника және байланыс» үйірмесінің оқушылары қатысып, олар алдымен компастың құрылысымен  танысты. Содан соң қолдануды меңгеріп, бағытты  анықтай білуге дағдыланды және  кеңістік туралы кеңінен білім алды.  Сонымен қатар, берілген азимуттағы объектлерді анықтау, компасты қолданып төңіректі бағдарлау, компаспен жұмыс жасау кезінде сабырлылық таныту, ине, ыдыстағу су, жапырақ көмегімен компас жасау сынды тапсырмаларды орындады.

Тиісінше, оқушылар компастың  құрылысын біліп, оны қалай пайдалану керектігін ұғынды. Жаңа ұғымдармен танысып, тың ақпараттар алды.

Айта кетейік,  Оқушылар сарайындағы спутниктік робототехника үйірмесі  еліміздегі жалғыз үйірме. Оған 30-ға жуық бала қатысса, басым бөлігі қыз балалар. Болашақ ғалымдар ғарышта наноспутникпен байланыс орнатып үлгерді. Олар өз жұмыстары арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдылық пен ауаның ластануы туралы мәліметтер жинады. Жоба жетекшісі Еркін Ақтаевтың айтуынша, балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін олар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізеді. «Басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсету, бағыт-бағдар беру. Бұл үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады», - дейді ол. Үйірмеге қатысушылар аз уақытта  айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылы атмосфераның жоғарғы қабатына 2 заманауи наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-ден 10 келіге дейінгі шағын ғарыш аппараттарына бірнеше камера мен сенсорлармен жабдықталған. Осылайша, осы наноспутниктердің көмегімен атмосфераға қатысты бірқатар ақпарат алынды. Қазан айында олар жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер