Қазақстанның барлық өңірінен дарынды оқушыны жинайтын республикалық IQanat республикалық олимпиадасының іріктеу туры Түлкібас ауданы мектептерінде өтті. IQanat олимпиадасына Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінен 73-оқушы қатысты. Оқушыларға мектеп директорының оқу-ісі бойынша орынбасары Нағима Еркебаева сәттілік тіледі. Олимпида басталар алдында мектептің психологы Зубайра Оразова 8-сынып оқушыларына жаттығулар жасатып, оқушыларға психологиялық қолдау көрсетті. Оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, мектептің мерейін биіктетуіне тілектеспіз.
Айта кетейік, IQanat - Қазақстанның барлық 166 өңірінен 824 дарынды оқушының жинайтын республикалық олимпиада. Бұл олимпиада алтыншы жыл қатарынан өткізіліп, осы жылдар ішінде 160 мыңнан астам ауыл оқушысын қамтыды. Олимпиаданың артықшылығы ауыл-аймақтағы қабілетті оқушыларға үлкен мүмкіндік береді. Яғни олимпиадаға тек ауыл-аудан оқушылары ғана қатыса алады. Тағы бір ерекшелігі Олимпиада тек 8-сынып оқушылары арасында өтеді. Олардың білім деңгейі, шығармашылық және танымдық әрі зияткерлік қырлары сарапқа салынады. Үздіктері еліміздің беделді білім ордаларының бірі IQanat High School-да 10-сыныптан бастап білімін шыңдау мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ аталған білім ордасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Пән олимпиадасына 5-11 сынып оқушылар қатыстырылды. Жүзден жүйрік шыққан оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларға аудандық кезеңде де жеңіске жетуі үшін пән мұғалімдеріне оқушылардың білімін жетілдіру,шыңдау керек екендігін директор орынбасары Н.Еркебаева айтып өтті.