Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бірден-бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың жан-жақты даму үшін алған білімді дебат ойындары арқылы жүзеге асыру үшін «Ұшқыр ой алаңы» жобасын бекіткен болатын. Осы бағыт бойынша Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты "Рыбалко " атындағы жалпы білім беретін мектепте дебат клубтары ашылып, қарқынды жұмыс істеп келеді.
Таяуда аталған білім ошағының мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі А.Қожахметованың ұйымдастыруымен " Заманауи қазақстандық әрбір отбасы балаларды толыққанды тәрбиелеу мен дамыту үшін өз бетінше қолайлы жағдай жасай алады(алмайды) деп есептейді" тақырыбында 8, 9-сынып оқушыларынан құралған "Болашақ " ,"Ақиқат","Күншуақ" дебат клубы мүшелерінің қатысуымен мектепішілік пікірсайыс болып өтті. Дебат клуб мүшелері өз ойларын айқын көрсетіп, белсенділік танытты. Жетекші ретінде 8, 9 сынып оқушыларының өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениетi мен сөз алу тәртiбi бойынша дебатқа деген үлкен дайындықтары байқалып тұрды. Дебатқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында білім алушылар арасында жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, «Ұшқыр ой алаңы» жобасының негізгі мақсаты: білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту; қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту; оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру.