Түлкібас ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, П.Шевцов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша «Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысындағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері және мектептегі құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық тәжірибелік семинары өтті.
Жиында мектеп мамандары мен ата-аналардың бірлесе жұмыс жасау тетіктері мен маңызы түсіндірілді. В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін» деп атап өткен. Олай болса отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: ата-аналармен тұрақты байланыс орнату; отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету; ата-аналар ұжымын құру; ата-аналардың педагогикалық дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру; ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесі мазмұнымен және әдістерімен таныстыру; ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру; ата-аналарды балалармен бірге әрекет етуге қатыстыру; ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Семинар барысында ашық тәрбие сағаттары, мектептегі ата-аналар академиясының жұмысы, спорттық жарыс, сонымен қатар мерекелік концерт өтті.
Семинарға қатысқан ұстаздар қорытынды кезеңде өз ойларымен бөлісіп, семинарға жоғары бағасын берді.