Ұстаз ауылда «Сonversation club» ашты

image.png

Келес ауданы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бахадырова Гаухар Диханқызы Испанияның Кадис қаласында орналасқан “Erasmus Mundus” университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алған. Қазіргі таңда 7 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, білім беру гранттарын иеленіп келеді. Әлеуметтік желіде өзінің жеке блогын жүргізетін білікті педагог ағылшын тіліне кішкентай кезінен қызыққандығын айтады:

– Алғаш рет 5 сыныптан бастап ағылшын тілі сабақтарында эссе жаза бастадық. Кейіннен мамандандырылған мектепте білім алдым. Сол кезде 10-11 сыныпта оқып жүргенімде американдық волонтер Сара Ван Элизабеттің шәкірті болдым. Бос уақытымда мектебіміздің хор ұжымында мүшемін, воллейбол ойнап тұрамыз. Жалпы ұстаздық жолды таңдағанымды мақтан тұтамын,-дейді мектеп мұғалімі. 

Қазіргі таңда 4 перзент тәрбиелеп отырған көп балалы ана білім ордасында “Conversation club” жұмысын жүргізеді. Ол тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын жетілдіруде мұндай клубтардың маңызы зор дейді. Клуб мақсаты: тілдік ортаға ену, қарым-қатынас, кітаптарды, жаңалықтарды, фильмдерді, ойындарды талқылау және осының барлығын ағылшын тілінде жүргізу! Клубқа оқушылармен бірге ұстаздар да қатыса алады. 

Айта кету керек, педагог білім беру саласына қосқан үлесі үшін бірнеше марапаттарға ие болған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер