Спорттық лига бастау алды

image.png

Түркістан қаласындағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру және АӘД пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Спорттық жобаларды қолдану арқылы дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. 

Білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтары және батылдықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Түркістан даңқын асырған Октябрь Жарылқапов Әбдісалан Нұрмаханов, Бекзат Саттархановтардың түркістандық жастарға арналған «Ағалар аманаты» атты көрінісімен басталды. 

Шараға арнайы қатысқан Түркістан қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы Жанаев Бауыржан Дәулетханұлы,Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы, Түркістан облыстық білім басқармасының спорт бөлімінің әдіскері Оспанов Оразбай Қыдырбайұлы оқушылар мен ұстаздарға деген ыстық лебіздерін білдіріп, мектепішілік «SPORT REVIEW» жобасы аясында мектеп ұстаздары мен шәкірттерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ел болашағы – жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өтетін «Мектеп лигасы» спорттық жарыстарына сәт-сапар тіледі. 

Бастауыш сынып оқушыларынан құралған «Шоқ жұлдыз» көркем гимнастика тобы өз өнерлерін көрсетті. Жуырда ғана Түркістан қаласы әкімдігі және Полиция басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қала» атты форумда Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанаев Бауыржан Дәулетханұлы қала жастарына өз үндеуін жолдағанын, біз де өз кезегімізде Бауыржан Дәулетханұлы ағамыздың үндеуіне өз үнімізді қосамыз деп физика пәнінің мұғалімі Әмірбеков Алдияр мектебіміздің жасөспірімдер мен жастары атынан өз үндеуімізді айтты.

Іс-шара соңында Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Дәулетханұлына жеребе тастау рәсімін ұсынып, теңбіл доппен шаршы алаңдағы ойынды бастау ретін анықталды. 

Мектеп директоры Сүлейменова Жақсыгүл Жүрсінбайқызы арнайы қатысқан қонақтарға алғысын білдіре отырып, Лигада мектептің ұстаздары мен шәкірттерінен құралған 10 команда 9 ай бойы өзара сайысқа түсетінін, жеңімпаз атанған командалар мен жекелей шебер ойын көрсеткен спортшыларға мамыр айында арнайы кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар табыс етілетінін айтып өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер