Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу мақсатында "Өнерлі өрге жүзер", "Жарқыра, жас дарын!" "Өнер алды-қызыл тіл" атты конкурсы өткізілді.
Жоба мақсаты: этностық топтардың мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан жастары мен өскелең ұрпағын ынталандыру арқылы Қазақстандық бірегейлікті дамыту. Аталмыш жоба мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл үйретудің жаңа форматтарын іздестіру, жастардың бойына кітап оқу мәдениетін, қазақ әдеби тілі мен поэзиясын меңгеруге қызығушылық дарыту, қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау көрсету және ынталандыруға міндеттейді. Байқауға білім беру ұйымдарының 5-11 сынып өзге ұлт оқушылары қатысты. Ұйымдастырушы ұстаздар «Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді, аталған салада айтарлықтай нәтижелер бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылым, мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналып отыр. Жобаның арқасында қазақ тілін үйренуге құштар оқушылардың саны да артып отыр»,- дей келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша А.Пушкин атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Шахназарова Розана, М.Ломоносов атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Исламова Шахзода жүлделі орындарды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 2015 жылдан бері іске асырылып келеді. 2015 – 2022 жылдар аралығында жоба аясында барлығы 107 054 іс-шара ұйымдастырылған.