Физика пәнінен зерттеу сабағы өтті

image.png

Соңғы уақытта табысты болу үшін мектеп оқушыларына білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Өйткені бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Бүгінгі таңдағы білім беру үрдісінде оқушылардың сабақта үйренетін дағдыларына назар аудару заман талабы. Себебі дұрыс оқып-үйрену және оқушының нақты тұлға болып қалыптасуы үшін оқушылардың сабақты меңгерудегі дағдыларын жақсы дамыту қажет. Осы орайда, білім – тәрбиесіз, дағдысыз берілмейтіндігін есте ұстаған жөн.  

Осы орайда Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебінде кеше физика пәнінен зерттеу сабағы басталды.  Мақсаты: оқушылардың оқуы мен мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жақсарту.

Физика пәнінің мұғалімі Динара Ізбасарова 8 сыныпқа өткен “Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы” тақырыбындағы сабақта “Tarsia”, “Айналмалы бекет”,”Бағдаршам” әдістерін пайдаланды.   «Зерттеу дағдысын оқушы бойына жақсылап дарытатын болсақ, білім сапасы да артады деген ойдамын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, зерттеу дағдылары тек бүгінгі күнде білім алу үшін емес, болашақта да үлкен жетістіктерге жету үшін қажет. Қорытындылай келе, француз қайраткері (Франсуа Рабле) «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту үрдісінде білім беру жүйесіндегі дағдылардың орны ерекше екенін баса айтып өткенді жөн көремін»,- дейді ұстаз Д.Ізбасарова.

Зерттеу сабағы барысында мұғалім оқушыларды жұптық, топтық жұмыстарда тапсырма беріп, есеп шығару арқылы сабақты жоғары деңгейде шебер ұйымдастыра білді. 

Сабақ соңында оқытушы  М.Асирова және зерттеу тобының мүшелері өтілген сабақты талдап, келесі сабақтың жоспарын құрды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер