Эпикфейлтрек форматындағы кездесу өтті

image.png

Технология мен экономиканың қарқынды дамуы білім саласына қуатты серпін береді. Бүгінгі таңда мұғалімдердің заман талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды. Мұғалім – қашанда сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке, бірақ әрқашан әлемдік білім беру тенденцияларына сай болуы керек. Қазіргі таңда ұстаздарға тәжірибе алмасу өте маңызды.  Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Педагогикалық тәжірибе- шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ол сонысымен өте құнды әрі мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді.

Осы ретте Ордабасы ауданында бүгін эпикфейлтрек форматында үлкен буын мұғалімдері мен жас мамандардың кездесуі өтті. Ағылшын тілінен аударғанда «еpicfail» сөзі үлкен сәтсіздік деген мағынаны білдіреді. Яғни, кездесу барысында тәжірибелі ұстаздар өздерінің еңбек жолында кездескен сәтсіздіктерді баяндай келе, жас маман - әріптестерімен сол қиындықтарды қалай жеңгендерімен бөлісті. 

Кездесу жағымды атмосферада, ұстаздар мерекесі алдында көтеріңкі көңіл күйде өтті. Жоғары тәжірибелі педагогтер жастарға жұмыстарына сәттілік тілеп, естелікке ізгі тілектері жазылған кітаптарды сыйлады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер