Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде бүгін "Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсат - зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру, психологиялық көмек көрсету, репродуктивті денсаулық сақтау және жас ұрпақтың жауапсыз мінез-құлқының қаупі туралы ақпараттандыру. Жас өспірімдерді салауатты өмір салтына бейімдеп,
Іс-шараға аудандық білім бөлімінен әдіскер Г.Досқара, аудандық әкелер мектебінің төрағасының орынбасары А.Қожагелдиев, Бадам ауылдық емхана фельдшері Ж.Сопбекова, Ордабасы АПБ ЖПК УПИ полиция майоры Е.Сухановтың қатысуымен өтті.
Сонымен қатар,"Жас өспірімдердің психикасы мен тәрбиесіне зиянды әдеттердің әсері" тақырыбында педагог-психолог Лаура Нұрбаева мен сынып жетекші Айгүл Сұлтанмұрат ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші Куленов Сұлтанбек әкелерді қонаққа шақырып «Әке көрген - оқ жонар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізсе, "Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін әсері" тақырыбында мектеп медбикесі М.Төребаева мен биология пәнінің мұғалімі С.Тұрдықұл, осы тақырыпқа байланысты қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Қожасейітова, 8 сынып оқушыларына Эссе жаздырды. Еңбек пәнінің мұғалімі А.Тұрсынай 8 сынып оқушылармен сурет салу айдарын жүргізді.
Қорытындылай келе, мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Өміріміздегі ең жарқын жастық шақтарында дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңдар!», «Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын!», «ХХІ ғасырдың азаматтары, ғаламдық дертке жол бермейік!», деген сынды денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған кеңестер іс-шара маңызын арттыра түсті.