Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз

image.png

«Мектеп жаны - мұғалім» деп тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұрпаққа білім беретін мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс. Қызметтік мансабын ауыл мектебінен бастаған 35 жылдық педагогикалық өтілі бар Жексенбаева Күлсан Конашқызы педагог-зерттеуші, облыстық пәндік олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі, Мақтаарал ауданынының «Мырзакент» МГ-ның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 

Оқушыларды шығармашылықпен байланыстыра оқыту оқушылардың жеке дара қасиетін кеңейтеді. «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек», деп ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейінде білім беріп отыр.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Кулсан Конашқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, оқыту ісіне арнады. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Кулсандай ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге! 

«Мұғалім ретіндегі біздің бірінші міндетіміз-сапалы білім беру және оқушылардың сауатты, тәрбиелі болып қалыптасуына ықпал ету. Сондықтан, әр сабақта балалардың назарын аударуға, сабақты қызықты ету үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Трендте, заманауи талаптарға сай болу үшін көбірек жаңа технологияларды қолдануда. 

Сонымен қатар, кез-келген сабақта білімді шынайы өмірмен байланыстырып, оқушыларды қызықтыра білу керек», - дейді Күлсан Конашқызы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер