Кентаулық педагогтар белді жарыста сарапшы болды

image.png

Түркістан облысындағы жетекші колледждердің бірегейі Кентау көпсалалы колледж базасында Іріктеу және дайындық жұмыстарына Халықаралық сарапшы, Кентау көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Д.Анарбаева және аға шебері М.Тәліпхан «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2019» IV Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының алтын медаль иегері, «WORLDSKILLS EURASIA 2020-2021» таратылған чемпионатының қола жүлдегері жетекшілік жасады. 

"Кескіндеме және сәндік жұмыстар" бойынша Халықаралық чемпионатқа іріктеуге Worldskills - 2022 Республикалық чемпионатта І орынды жеңіп алған (Кентау көпсалалы колледжінің түлегі) бүгінде Көкшетау қаласындағы құрылыс - технологиялық колледжінің студенті Алина Карюкина және ІІ орын иегері, Алматы құрылыс-техникалық коллежінің студенті Санжар Бекмұхан қатысты. Олар 48 күн ішінде 24 оқу-жаттығудан туратын тапсырманы орындады. Іріктеуден Көкшетау қаласындағы құрылыс - технологиялық колледжінің студенті Алина Карюкина өтіп, қыркүйек айында Гданьск қаласында өткен EUROSKILLS GDANSK - 2023 чемпионатына жолдама алды. 

Польшаның Гданьск қаласында 5-9 қыркүйек аралығында өткен сегізінші Еуропа чемпионаты EuroSkills GDANSK - 2023 халықаралық чемпионатына Қазақстан құрама командасы 25 кұзыреттілік бойынша сайыска түсті. Құрамаға 28 қатысушы мен 25 халықаралық сарапшы кірді.Жарысқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 білікті жас маман қатысты. Бұл чемпионат жастар үшін Еуропадағы ең ауқымды кәсіби шеберлік жарысы. Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills Gdańsk 2023 Еуропа чемпионатында 2 медаль мен 4 медальон жеңіп алды!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер