Гүлсезім республикалық жарыста жеңімпаз атанды

image.png

Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының қолдауымен білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауы өтті. 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды салтанатты жабылу рәсімінде республикалық конкурстардың лауреаттары - шығармашылық ұжымдар құттықтады. Өскемен қаласында өткен бұл байқауда (10-13 жас) «Сюжеттік композиция» номинациясы бойынша Кентау қаласындағы «Оқушылар үйінің» оқушысы Оразбек Гүлсезім жүлделі І орынды жеңіп алды.  

Жалпы облыстан қатысқан 7 жас суретшіге республикалық байқауға қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер