Ордабасылық өнертапқыштар жарады

image.png

Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №70 санды бұйрығына сәйкес, 27 қыркүйек күні Түркістан қаласы, "Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінде Республикалық "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңінде ордабасылықтар толағай жетістіктерге жетті. 

Атап айтсақ, «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағыты бойынша «Бөген» жом оқушылары Жаннұр Жақыпқызы, Бірғаным Байдалы «Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы» атты командалық жұмыспен - І орын; «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша Б.Төлепбаев жом. оқушысы Інжу Садыр «Ауылшаруашылығы-экономика бастауы» - ІІ орын; «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» бағыты бойынша «Зерде» жом. оқушысы Жаңыл Босимбекова «Ғарыштық аппараттар және ракета» жұмысымен - ІІ орын; «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» бағыты бойынша Қ.Сәтбаев жом. оқушысы Мерей Дүйсенхан «Сезімталдығы жоғары үй» жұмысымен - ІІ орын; Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша «Төрткүл» жом оқушысы Айтуар Сүндетәліұлы «Ақылды сөмке» жұмысымен ІІІ - орынға ие болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер